Президент
1 мин оқу 310

Елбасы Новак Джокович және Рафаэль Надальмен кездесті

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның Тұңғыш Президенті Новак Джокович пен Рафаэль Надаль арасында өткен қайырымдылық теннис матчына барды.&nbsp;Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.</p> <p style="text-align: justify;">&nbsp;</p> <p style="text-align: justify;">&nbsp;</p> <p style="text-align: justify;">&nbsp;</p>

Елбасы Новак Джокович және Рафаэль Надальмен кездесті

Ойын алдында Елбасы әлемдік теннистің майталмандары Новак Джокович және Рафаэль Надальмен кездесті.

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев ойынның жарқын және тартысты өтуіне тілектестік білдірді.

-Қазақстандықтар планетаның үздік теннисшілерін көргендеріне өте қуанышты. Мен сіздердің ойындарыңызды үнемі қараймын. Сіздер спортта үлкен жетістіктерге жеттіңіздер, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Кездесу барысында Елбасы теннисшілерге зор денсаулық тілеп, Рафаэль Надальды жақында шаңырақ көтеруімен құттықтады.

Қайырымдылық матч нәтижесінде жиналған қаражат өңірлерде теннис инфрақұрылымын дамытуға бағытталады.

Бөлісу:
Елбасы Новак Джокович және Рафаэль Надальмен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар