Қоғам
1 мин оқу 540

Электронды үкіметтің жаңа қосымшасы

<p style="text-align: justify;">Сіз eGov mobile қосымшасын пайдаланып үлгердіңіз бе? Мем&shy;лекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін жаңа қосым&shy;шаның бірқатар ерекшелігі бар. Барлығын рет-ретімен түсіндіріп өтейік.</p>

Электронды үкіметтің жаңа қосымшасы

Қосымшаның жаңа атауы – eGov mobile.

AppStore не PlayMarket-тен қосымшаны іздеген шақта сізге бұрынғы mGov нұсқасы шы­ғуы мүмкін. Бұл үшін nitec.kz өнді­рушісін тауып, ұсынылған қосым­шалардың ішінен eGov mobile-ды таңдайсыз.

Қосымшаға кіру: Қосымшаны жүктегеннен кейін сіз өз цифрлық қолтаңбаңызды 4 таңбалы PIN-кодқа немесе биометрия құрыл­ғыларына (смартфондағы Face ID, Touch ID мүмкіндіктері) тіркеп қоя аласыз. Кейін жүйеге кірген кезде сізден ЭЦҚ не құпиясөз талап етілмейтін болады.

eGov mobile-ды пайдалану: Қосымшаның өзінде ЭЦҚ-ны­ қалай жүктеуге болатыны, авторизациядан өту туралы және т.б. кеңестер бар, әр жаңа қыз­мет­ке қадамдық нұсқаулық берілген. Осы­лайша әзірлеушілер, яғни «Ұлт­тық ақпараттық технологиялар» АҚ қосымшаны қолданыста ба­рынша қолайлы етуге тырысты.

Ұсынылатын қызметтер: Қа­зір­гі уақытта қосымшада 28 қыз­мет қолжетімді. Олар: базалық зейнетақы төлемін есептеу мөлше­рі туралы анықтама, бала тууына бай­­ланысты төлемдер және бір жас­­қа толғанға дейін төленетін жәр­­демақы, сот­тылықтың болуы не­месе болмауы туралы анықтама, жыл­­жымайтын мүліктің жоғы (бары) туралы анықтама және т.б. Қыз­­мет­тер тізімі толықтырылатын болады.

Бөлісу:
Электронды үкіметтің жаңа қосымшасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар