Шаңғы қайдан тебесіз, Мырзашоқының басында қар тұрмаса

Баянауылдағы тау-шаңғы кешені былтыр да қарсыз қалды. Биылғы ауа-райы қалай болар екен деген оймен облыс әкімі Болат Бақауов та кешенге барып қайтты.

– Жаңа маусымға дайынбыз. Қардың жауғанын ғана күтіп отырмыз. Таудың жоғары бөлігінде қар тоқтату жұмыстары қолға алынды. Асхана,құрылғыларды жалға беретін орын-жайлар, шаңғы трассалары қалпына келтірілді, – дейді облыстық Туризм басқармасының басшысы Марат Айдашев.
Сонымен қатар, Мырзашоқыда балаларға және шаңғы тебуді енді бастағандарға ұзындығы 300-400 метрлік жаңа трасса әзірленген. Тауға жылдам шығу үшін бугель орнатылған.
Тау-шаңғы кешені былтыр ашылған-ды. Тау етегіндегі құрылыс барысына, арнайы құрылғылар алуға қыруар қаражат жұмсалғаны анық.
Табиғаттың құбылысына амалың бар ма?! Өкінішке орай, сырғанақ тау шаңғы жобасын салғандар - Мырзашоқы басына қардың тұрмайтынын, жел ұшырып әкете беретінін, нысанның тиімді-тиімсізін әуелден ескермеген екен.