Жаңалықтар
2 мин оқу 400

«Алтын бағытқа» асығыңыз!

<p style="text-align: justify;">Мүсін өнері мүмкіндігін танытқан &laquo;Алтын бағыт&raquo; атты көрме елордадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде тұсауын кесті. Бұл көрменің өтуіне көрнекті мүсінші, Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстазы, өнерде өзіндік қолтаңбасымен танылған Шоқан Төлеш мұрындық болды.</p>

«Алтын бағытқа» асығыңыз!

Мүсінші Шоқан туындылыры жұртқа көптен таныс. Тек өз елімізде ғана емес, АҚШ, Фран­ция, Бельгия, Италия, Швей­ца­рия, Ұлыбритания Аустрия мұ­ражайлары мен көрнекті орындарында көрмелерін өткізіп, тың туындыларымен талайларды тәнті еткенін айта кетелік. Бел­гілі шебердің қолынан шыққан мүсіндерінің бір ерекшелігі – эс­те­тикалық талғамға бай. Көз са­лып, көңіл тоқтатқан әр адам өзі ой қорытып, философиялық иірім­деріне үңілуіне мүмкіндік бере­тіндігінде жатса керек.

Көрменің ашылу салтанатында белгілі өнер қайраткерлері, қаламгерлер Шоқан шығарма­шы­лығына жан-жақты тоқталды. Оның туындылары негізінен қоладан, алюминийден, ағаштан, мәрмәр тастардан жасалған ка­мералық жұ­мыстар екеніне де жете мән берді. Әсіресе әр мү­сінінде шығыс пен еуропалық мәдениет ұштаса келіп, ұлттық дүниенің алтын ар­қауы салтанат құратынын баса айтып жатты. Соған дәлел ретінде, асау толқынның үстінде қайықпен келе жатқан қазақтың үш абыз қариясының ерекше болмысын атап өтуге болады. Аты айтып тұрғандай, бұл – қазақ бірлігінің айқын көрінісі екен­дігін айтқызбай ұқтырады. Сол секілді, арғы тарихтан тамыр тартатын «Томирис», «Сақ жа­уынгері», «Атилла», ұлт өнерінің жа­уһары саналатын «Сәу­келе», «Қо­быз», «Қария» сынды өзге де мүсіндерін ерекше атауға бо­лады. Әсіресе қола, алюминий, ағаш, тас қосындыларынан жа­салған «Кербез Астана» мүсіні жұртшылықтың ерекше ілти­патына бө­ленді. Көрерменнің көз жауын алған аталған көрме бір ай бойы елордалықтар назарына ұсы­нылып, одан кейін Алматыда жалғасын табады.

Қасымжомарт ДӘУЛЕТҰЛЫ

Бөлісу:
«Алтын бағытқа» асығыңыз! · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар