Руханият
2 мин оқу 894

Түменбасы тұғырында тұр

<p style="text-align: justify;">Талай танымал тұлғалар тоқтап өткен Қызылкөпір елді мекенінде жоңғарларға қарсы шешуші шайқастарда асқан ерлігімен ерекшеленген түменбасы Тілеуке батырдың 325 жылдығына орай ескерткіш ашылды.</p>

Түменбасы тұғырында тұр

Сіргелі Тілеуке (Қара­батыр) батыр 1694 жылы Қа­ра­таудың күнгей бет­кейіндегі Қостұрадан бас­тау ала­­тын Бөген өзенінің бо­йын­да дүниеге келген. Ба­тыр туралы дерек көп. Бас­тауы Бұқар жыраудың жырларынан табылады. Одан беріде Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз» тари­хи романында көрініс береді. Аталған автордың «Абы­лай ханның соңғы батыры» атты повесінде де Сір­гелі Тілеуке батыр жайында біршама айтылады.

Міне, осы баһадүрге кін­дігінен тараған ұр­пақ­та­ры Қызылкөпір ел­ді ме­кені жанынан алып ес­керт­кіш тұрғызыпты. Сөз реті келгенде айта кетейік, ес­керткіштің тұғыры – 10 метр. Ал ескерткіштің өзі 5 метр­ді құрайды. Сонадайдан айбарланып көрінетін еңселі ескерткіш кімнің бойына бол­сын жауынгерлік рух сый­лайды.

Ескерткіштің ашылуына орай мемлекет және қо­ғам қайраткері Орынбай Рах­манбердиев кіріспе сөз сөйлеп, салтанатты жиын­ды ашық деп жариялады. Оңтүстік Қазақстан облы­сының құрметті азаматы, Сіргелі Тілеуке батырдың ұр­пағы Анарбек Орман баян­дама жасады. Облыстық мәслихаттың хатшысы Қай­рат Балабиев құттықтау сөз сөйлеп, облыс әкімінің сә­лемін жеткізді.

Дүбірлі жиынға респуб­ли­камыздың түкпір-түк­пірінен қонақтар көп жиналды. Солардың арасында Қазақстанның халық жа­зушысы, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты, қазақ әде­биетінің көрнекті өкілі Қаб­деш Жұмаділов, тарих ғылымдарының докторы, про­фессор Талас Омарбеков, тағы басқалардың рухани са­бақтастық, жастарды отан­сүй­гіштікке тәрбиелеу, тарих тереңінен тағылым тарту, ба­балар аманатына адал болу ту­ра­лы толғамдары жинал­ған­­дарға үлкен ой салғаны анық.

Ескерткіштің ашылу салтанатынан соң тойшыл қауым дала сахнасы алдына жиналды. Мұнда Сіргелі Тілеуке батырдың жауынгерлік жо­рық жолдарынан театр­лан­дырылған көрініс қойы­лып, соңы концертке ұласты. Жал­пы, бұл күні Желтимес жазығы дүбірге бөленіп жат­ты. Қазақтың ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйым­дастырылды.

Жағалай тігілген ақшаң­қан киіз үйлердегі дастарқан басында батыр баба рухына Құран бағыштап, бата жасаған жұртшылық салтанатты сәттің жан тебі­рен­терлік тұстары мол бол­ғанын айтып тарасты...

 Сабырбек ОЛЖАБАЙ

 Түркістан облысы

Бөлісу: