Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 280
Сағынтаев Қанат Исламды жеңісімен құттықтады
<p style="text-align: justify;">Сенбі күні күллі қазақ жұртының назарын аударған айтулы оқиғаның бірі Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен отандасымыз Қанат Ислам мен намибиялық Уолтер Каутондовтың жекпе-жегі. Тартысты бәсекеде жеңіске жетіп, ел даңқын асқақтатқан алтын жұдырықты жерлесімізді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасында құттықтады.</p>

«Қанат бірінші орта салмақтағы WBO International белбеуі үшін намибиялық боксшы Уолтер Каутондоквамен жұдырықтасты. Оңайға соқпаған 10 раундтық жекпе-жек пен жанкүйерлердің толқынысы. Бірақ Қанат жеңіске деген жігер мен қайтпас қайсар мінезін көрсете білді. 27 - жеңіс құтты болсын, Чемпион!», - деп жазды қала әкімі өз парақшасында.
Бөлісу: