Президент
1 мин оқу 421

Президент жұмыс сапарымен Алматыға келді

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік жұмыс сапарымен Алматыға келді. Сапар барысында Президент Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жиын өткізіп, бірқатар нысандарды аралайды деп күтілуде. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің facebook парақшасында жазды.</p>

Президент жұмыс сапарымен Алматыға келді

Президент бүгін жаңа Алматы бағдарламасының тұсаукесерімен танысып, «Балалар үйінің» тәрбиеленушілеріне пәтер кілтін табыс етіп, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңеске қатысады.

Сонымен қатар «Tech Carden» инновациялық кластерінің жұмысымен, инвестиция үйінің тыныс-тіршілігімен танысады. Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барып, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығын араламақ.

Жұмыс сапарының екінші күні Президент Алматыдағы резиденциясында бірқатар кездесулер өткізеді.

Бөлісу: