Аймақтар
1 мин оқу 640

Қарақшылық шабуыл бір тәулік ішінде ашылды

<p style="text-align: justify;">Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына мүгедек балаларды оңалтумен айналысатын &laquo;Асар&raquo; қоғамдық бірлестігінің аумағына түнгі сағат екі шамасында қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті.</p>

Қарақшылық шабуыл бір тәулік ішінде ашылды

Бетперде киген екі белгісіз тұлға Тараздағы оңалту орталы­ғынан екі бас жылқыны ұр­лап кеткен. Жылқыларды даму мүм­кіндіктері шектеулі балаларға арналған иппотерапия емдеу курс­тарын өткізу кезінде қо­ғам­дық бірлестік мамандары пай­даланған.

Жамбылдық полицейлердің алдында қылмыскерлердің заттай дәлелдемелерді жойып, яғни жылқыларды етке союына немесе басқа өңірлерге сатуына жол бермеу үшін жануарларды тез табу міндеті тұрды.

– Полиция қызметкерлерінің кәсіби жедел-іздестіру шарала­рының нәтижесінде бір тәулік ішінде ауыр қылмыс жасаған күдіктілер анықталып, ұсталды, жылқылар оңалту орталығына қайтарылды, – деді Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұржан Қал­метов.

Тараз қаласының 22 және 23 жастағы екі тұрғыны кінәларын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды (алдын ала сөз байласу арқылы жасаған қарақшылық).

«Асар» қоғамдық бірлестігі төр­ағасының орынбасары Әйге­рім Дәулетбаева қылмысты жедел, қысқа мерзімде ашқаны үшін полиция басшылығы мен қыз­меткерлеріне өз алғысын біл­дірді. Ең бастысы, балалар сон­шалықты үйренген жылқылар қайтарылып, ал иппотерапия сабақтары жалғасатын болады.

Бөлісу:
Қарақшылық шабуыл бір тәулік ішінде ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар