Аймақтар
1 мин оқу 701

Оқушылар үшін әскери бөлімде «Ашық есік» күні өтті

<p style="text-align: justify;">Республикалық &laquo;Ел тірегі-2019&raquo; акциясының аясында &laquo;Батыс&raquo; өңірлік қолбасшылығының Атырау гарнизонында Қорғаныс істері жөніндегі Деартаментімен бірлескен &laquo;Қазақстан әскеріндегі бір күн&raquo; форматындағы ашық есік күні өтті. Бұл туралы аталмыш Қолбасшылықтың баспасөз қызметінен капитан Р.Игисинов хабарлады.</p>

Оқушылар үшін әскери бөлімде «Ашық есік» күні өтті

Іс-шарада 500-ге жуық жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттері, сонымен қоса Х.Досмұханбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің әскери кафедра тыңдаушылары қатысты. Құрметті қонақ ретінде Қарулы Күштердің ардегерлері шақырылды.

Әскери-патриоттық тәрбие беру – жастарға өз елі мен Отанын сүюге үйрететін, оларды адалдыққа тәрбиелеудегі басым бағыттардың бірі болып табылады.

Гарнизонда ұйымдастырылған шара аясында балалар әскери өмірді көріп, әскери киім үлгілерімен, әскери техника және қару-жарақ түрлерімен  танысты. Әскери бөлімнің офицер-тәрбиешілері әскери өмір мен тәртіп туралы, сондай-ақ әскери қызметтің, жауынгерлік және оқу-жауынгерлік тапсырмалардың өту тәртібі туралы айтып түсіндірді.

Оқушылар қолма-қол ұрыс көріністерін тамашалап, қызығушылық танытқандар әскериленген эстафетаға қатысуға мүмкіндік алды. Эстафета жеңімпаздары «Батыс» өңірлік қолбасшылығы атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Оқушылар үшін әскери бөлімде «Ашық есік» күні өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар