Аймақтар
1 мин оқу 290

Маңғыстауда СӨСҚ орталығы медициналық тексеру ұйымдастырды

<p style="text-align: justify;">&nbsp;Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығы мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері үшін медициналық тексеру ұйымдастырды.</p>

Маңғыстауда СӨСҚ орталығы медициналық тексеру ұйымдастырды

Қалалық емханалардың мамандары, соның ішінде терапевт, кардиолог, невропатолог және т.б. департамент қызметкерлері мен салық төлеушілерге кеңес берді.

Акцияның негізгі мақсаты - аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.

Акцияның әрбірқатысушысы кеңес, тәжірибелік көмек пен ақпараттық баспа материалдарын алды.

Іс-шара инфекциялық емес аурулардың: қан айналымы жүйесі аурулары, онкологияның, қант диабетінің, өкпенің созылмалы обструктивті ауруының алдын алу бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаны іске асыру шеңберінде, сондай-ақ халықтың ақпараттандырылуын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Маңғыстауда СӨСҚ орталығы медициналық тексеру ұйымдастырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар