Қазақстан
1 мин оқу 190

Президенттің Қырғызстанға сапарына дайындық пысықталды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Президентінің Қырғызстанға мемлекеттік сапарын дайындау мәселелері талқыланды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.&nbsp;</p>

Президенттің Қырғызстанға сапарына дайындық пысықталды

Қырғыз-қазақстандық СІМаралық консультацияларға қатысу мақсатында жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Чыңгыз Айдарбековпен кездесті.   

Кездесу кезінде тараптар Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы Қырғызстанға мемлекеттік сапарын дайындау барысы, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, одан арғы іс-қимыл перспективаларын талқылады.  

Бөлісу:
Президенттің Қырғызстанға сапарына дайындық пысықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар