Саясат
1 мин оқу 360

Сыртқы саяси зерттеулер институты құрылды

<p style="text-align: justify;">Сыртқы істер министрлігінде &laquo;Сыртқы саяси зерттеулер институты&raquo; АҚ Директорлар кеңесінің бірінші отырысы өтті. Отырысты ашқан Министр Мұхтар Тілеуберді Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлануымен құттықтап, отырысқа қатысушыларды Сыртқы саяси зерттеулер институтының мақсаттары және міндеттерімен таныстырып, жемісті жұмыс тіледі. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Сыртқы саяси зерттеулер институты құрылды

Директорлар кеңесін Президенттің кеңесшісі Мәулен Әшімбаев басқарды. Институттың негізгі міндеті Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басым бағыттарын іске асыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу, әлемдік саясат пен экономикада, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік саласында өзекті трендтерді анықтау болып табылады.

Бөлісу:
Сыртқы саяси зерттеулер институты құрылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар