Аймақтар
1 мин оқу 182

«Еңбек» бағдарламасы өз нәтижесін беруде

<p style="text-align: justify;">Осыдан тура бір жыл бұрын Үкіметтің Қаулысымен бекітілген &laquo;Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 &ndash; 2021 жылдарға арналған &laquo;Еңбек&raquo; бағдарламасының орындалу барысы кеше Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында талқыланды.&nbsp;</p>

«Еңбек» бағдарламасы өз нәтижесін беруде

Жобаға бір жылда 17,5 мың солтүстікқазақстандық қатысушы болыпты. Соның ішінде 14 мың адам жұмыспен қамтылған. Ал 9 мыңы тұрақты жұмысқа орналастырылған. Қазір кәсіпкерлікке 2 мыңнан аса адам оқып жатыр. Осының нәтижесінде өңірде жеке кәсіпкерлердің үлесі артып, қазір олардың саны 3200 адамға көбейіпті.  

«Өз-өзін қамтамасыз еткендерді азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу және бизнесті дамыту – біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Биыл жеке кәсіпкерлер көбейді. Олар несие алып, кәсіптерін ашты. Осы жұмысты жалғастыру керек», деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов өзінің сөзінде.

Бөлісу: