Әлем
2 мин оқу 200

Екі елді жақындастыра түсті

<p style="text-align: justify;">Ұлттық музейде &laquo;National Geographic Qazaqstan&raquo; журналы Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен &laquo;Сіз ойлағаннан да жақын... Америка мен Қазақстан&raquo; атты фотокөрме ұйымдастырды.</p>

Екі елді жақындастыра түсті

Фотокөрменің ашылу салтанатында Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы құт­тықтау сөз сөйледі. Ал АҚШ-тың Қазақстандағы Тө­тен­ше және өкі­летті елшісі Уильям Мозер мен «National Geographic Qazaqstan» журналы­ның ғылыми кеңесшісі Әділ Ахметов көрме жайында жиыл­­ған жұртшылыққа біршама мағ­лұ­мат берді.

Көрмені ұйым­дас­тыру­шы­лардың айтуынша, АҚШ елшілігі Ұлттық музеймен 2014 жыл­дан бері ын­тымақтастық қа­рым-қатынас ор­натқан. Соның нәтижесінде елшілік «Туған жер» көрмесінің өтуіне де­меу­шілік көрсеткен. Аталған көр­ме америкалықтар мен қазақ мә­дениеті арасындағы ұқ­састықты ашып көрсетуге ар­нал­­ған болатын. Алдағы 2020 жылы АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Ұлт­тық музеймен бір­лесіп «Алтын адам» көрмесін Америка Құра­ма Штаттарында өт­кізуді жос­пар­­­лап отырған көрінеді. Сон­дай-ақ елшіліктің National Geografic ұйымымен де іскерлік қарым-қатынас орнатқанын атап өткен жөн.

«Гранд-Каньон мен Шарын шатқалының кез-келген адамды тәнті ететін әсемдігінен бас­тап аме­рикалықтар мен қазақтар арасын­дағы ежелгі атбегілік дәстүрге дейін­гі ұқ­сас­тық екі ел арасында біз ойла­ғаннан да ортақ нәрселер көп екенін білдіреді. Сондықтан біз көр­менің тақырыбын «Сіз ой­лаған­нан да жақын» деп ата­дық» – деді АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозер.

«National Geographic Qazaq­stan» журналының өкі­лі осының алдында да АҚШ елшілігімен бірлесіп ұйымдастыр­ған «National Geograhpic тарихын­да­ғы 50 сурет» атты көрменің сәт­­ті өт­кенін атай оты­­рып, бұл көр­­менің де мақсаты екі ел ара­сындағы экономикалық, гео­­графиялық һәм мәдени ұқсас­тық­тарды және қос елдің айнымас серік­тестігі мен бірлігі бекем әріптес екенін жұртшылыққа жет­кізу екенін айтты.

Жоспар бойынша көрмені кө­рер­мендер қазан айының со­ңы­на дейін Ұлттық музей­де, ал қараша айында елорда­мыздағы «MegaSilkWay» және Алматыдағы «Mega Almaty»­ сауда-ойын-сауық орталық­тарында тамашалай алады.

Айгүл СЕЙІЛ,

«Egemen Qazaqstan»

Бөлісу:
Екі елді жақындастыра түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар