Футбол
1 мин оқу 110

«Бавариядан» жеңілді

<p style="text-align: justify;">Футболдан әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының 1/8 финал кезеңінің қарымта матчтары өтті. Қазақстаның &laquo;БИІК-Қазығұрт&raquo; клубы Германияға қонаққа барып, Мюнхенде жергілікті &laquo;Бавария&raquo; командасынан жеңіліп қалды.</p>

«Бавариядан» жеңілді

Кездесуде «Бавария» футболшылары 2:0 есебімен жеңіске жетті. Қос голды да германиялық команданың қорғаушысы Карина Веннингер соқты. «БИІК-Қазығұрт» пен «Бавария» арасындағы Қазақстанда өткен ал­ғашқы ойында германиялық қыздар 0:5 есебімен басым түскен еді. Екі ойынның қоры­тындысы бойынша 7:0 есебімен жеңіс­ке жеткен «Бавария» ширек финалға жолдама алды.

Айта кетейік, іріктеу кезеңінің үш ойы­нында жеңіске жеткен «БИІК-Қазығұрт» топтан бірінші орынмен шығып, турнирдің 1/16 финалында Бельгияның «Андерлехт» командасын екі ойынның қорытындысы бойынша  3:1 есебімен жеңген болатын.

Бөлісу:
«Бавариядан» жеңілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар