Хоккей
1 мин оқу 201

«Барыстың» жолы болар емес

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) сынға түсіп жатқан елорданың &laquo;Барыс&raquo; клубы кезекті тур ойынын &laquo;Барыс Аренада&raquo; өткізіп, Мәскеудің ЦСКА командасына ірі есеппен есе жіберді.</p>

«Барыстың» жолы болар емес

Екі команда арасындағы кездесудің бірінші кезеңі тең аяқталды. Шабуылшылар таблодағы нәтижені өзгертуге қанша тырыс­қанымен, қорғаушылар мен қақпашылар сәтті өнер көрсетті. Дей тұрғанмен «Ба­рыс Аренаға» жиналған 11 мыңға жуық жанкүйер ойынның екінші және үшінші кезеңінде үш голдың куәсі болды. Екінші кезеңнің соңғы минутында Богдан Кисе­ле­вич «Барыс» қақпашысы Эдвард Паскуа­лені сан соқтырып, командасын алға шығарды.

Кездесудің үшінші кезеңі өте тартысты басталды. Матчтың 52-минутында Михаил Григоренко мергендігімен көзге түсіп, есепті еселесе, 58-минутта Кирилл Капризов ойындағы соңғы әрі командасының жеңіс шайбасын соқты. Қорытынды есеп – 0:3. 24-турдан кейін «Барыс» турнир кестесінде 30 ұпаймен төртінші орында келеді. Жерлестеріміз келесі кездесуін 12 қарашада «Северсталь» клубымен өткізеді.

Бөлісу:
«Барыстың» жолы болар емес · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар