Нұрлан Нығматулин Ереванда ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының шараларына қатысады
<p style="text-align: justify;">Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин 4-5 қарашада Ереванда өтетін ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының көшпелі шараларына қатысады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Мәжіліс Спикерінің бағдарламасында Армения Премьер-Министрі Никол Пашинянмен, сондай-ақ, Парламент төрағасы Арарат Мирзоянмен кездесу жоспарланған.
Сонымен қатар Нұрлан Нығматулин ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің, ҰҚШҰ ПА пленарлық отырыстарына қатыспақ.
ҰҚШҰ ПА қатысушы – парламентшілер күзгі сессия аясында ұжымдық бейбітсүйгіш күштерді қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ, ұжымдық гуманитарлық көмек көрсету басқа да өзекті сұрақтар бойынша ұлттық заңнамаларды жетілдіру мәселелерін талқылайды деп күтілуде.