Спорт
1 мин оқу 171
Теннис: Ұлыбритания Дэвис кубогына қатысатын құрамын жариялады
<p style="text-align: justify;">18-24 қараша аралығында Мадридте өтетін Дэвис кубогы жолындағы жарыстың финалдық сайысында Ұлыбритания командасы қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды.</p>

Айтулы додада Тұманды Альбион елінің намысын Дэн Эванс (әлемнің 41-ракеткасы), Кайл Эдмунд (әлемнің 75-ракеткасы),Энди Маррей (әлемнің 128-ракеткасы) және Джейми Маррей (Жұптық сайыстағы әлемнің 20-ракеткасы) мен Нил Скупски (жұптық сайыстағы әлемнің 26-ракеткасы) сынды ойыншылар қорғайды.
Естеріңізге сала кетейік, Дэвис кубогында Ұлыбритания теннисшілері Қазақстан және Голландия құрамаларымен бірге бір топта өнер көрсетеді.
Бөлісу: