Саясат
2 мин оқу 144

Халықаралық кездесуде мүмкіндіктеріміз таныстырылды

<p>Қазақстан Консти&shy;туциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мә&shy;ми 2019 жылғы 2-5 қараша аралығында Индонезияда өтіп жатқан Азия елдерінің конс&shy;титуциялық бақы&shy;лау органдарының кез&shy;&shy;десуіне және бас&shy;қа да іс-шараларға қа&shy;тыс&shy;ты.</p>

Халықаралық кездесуде  мүмкіндіктеріміз таныстырылды

Бірінші күні Қ.Мәми Индо­не­зия Республикасы Консти­ту­циялық Сотының төрағасы Анвар Усман мырзамен екіжақ­ты кездесу өткізді. Тараптар конс­титуциялық әділет орган­дарының функцияларын іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты. Келіссөздер қоры­тын­дысы бойынша Қа­зақ­стан Конституциялық Кеңесі мен Индо­незия Конституциялық Соты ара­сында ынтымақтастық тура­­лы меморандумға қол қойыл­­ды. Ол Конституция үстем­дігін қамтамасыз ету са­ла­сын­дағы екі органның өзара іс-қи­мы­лын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

3 қарашада Азия конс­ти­­ту­­циялық соттары және бала­ма институттар қауымдас­тығының (ААСС) Мүшелері комитетінің отырысы өтті. Ұйымның құра­мына жаңа мүшелер – Үндіс­танның және Мальдив Респуб­ли­касы­ның Жоғарғы соттары қа­былданды.

Еліміздің Консти­ту­ция­лық Кеңесі алдағы екі жылға Азия конс­ти­туциялық соттары мен ба­лама институт­тар қауымдас­ты­ғының төр­ағасы болып бірауыз­дан сай­ланды. Отырыста келесі жылы Нұр-Сұлтан қаласында Қауым­дас­тықтың 4-конгресін өткізу мәселелері де талқыланды.

4 қарашада Қазақстан де­ле­­га­ция­сының басшысы Ин­до­незия Консти­ту­циялық Соты­ның «Конс­титуциялық Сот жә­не әлеуметтік-эко­но­микалық құ­­қықтарды қор­ғау» та­қы­­­ры­бын­дағы 3-ші Халық­ара­лық симпо­зиу­мының ашы­лу рәсіміне қа­тысты. Форум қатысушы­лары­на Индо­незияның Вице-президенті Мааруф Амин мырза құт­тықтау сөз сөйледі.

Панельдік сессияларда Қазақ­стан Конституциялық Кеңесі­нің төрағасы баяндама жасап, аза­маттардың әлеуметтік-эконо­микалық құ­қықтарын қорғау мәсе­ле­леріне қатысты еліміздің шешімдерімен таныстырды.

Конституцияның бірін­ші ба­бына сәйкес Қазақстан  өзін әлеуметтік мем­лекет ретінде орнық­ты­рады. Бұл норма Қазақстан өз азамат­тарының лайықты өмір сүруі және жеке тұл­ғаның еркін дамуы үшін мем­лекеттің мүмкін­дік­теріне барабар жағдай жасау мін­детін өзіне алатын мемлекет ре­тінде да­муға ниетті екенін біл­діреді. Әлеу­­меттік және эконо­ми­калық құ­қық­тарды қамтамасыз ету мем­­ле­кеттің тұрақты да­муы жә­не қо­ғамдық сенім үшін үлкен ма­ңызға ие, деді Қ.Мәми.

Бөлісу:
Халықаралық кездесуде мүмкіндіктеріміз таныстырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар