Спорт
2 мин оқу 577

Волейбол: Ардагерлерді еске алды

<p style="text-align: justify;">&laquo;Сырбар&raquo; Сыртқы барлау қызметінің қол&shy;дауы&shy;мен &laquo;ҚР ҰҚК Сыртқы барлау ардагерлері&raquo; қоғамдық бірлестігі Алматы қаласында волейболдан жарыс ұйымдастырды. Айтулы шара осы салада еңбек етіп, спорттық сайыстарда елеулі табыстарға қол жеткізген ардагер барлаушыларды еске түсіруге арналды.&nbsp;&nbsp;</p>

Волейбол: Ардагерлерді еске алды

Егемен ел­дің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан жас жеткіншек­терді еңбекке баулу, рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу – аға буынға жүк­телген міндеттердің бірі. Ұзақ жылдар бойы сыртқы барлау қызметінің ардагерлері жас ұрпақтың са­лауатты өмір сүруін қалыптастыру бағытында кө­п­теген игі істер атқаруда.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде «ҚР ҰҚК ар­да­герлері» қоғамдық бір­лестігі Алматы филиалының төрағасы Әбдімәлік Райымқұлов пен «ҚР ҰҚК Сыртқы барлау ар­да­герлері» қоғамдық бір­лестігі төрағасының орынбасары Бердіхан Сәрсенбаев құттықтау сөз сөйледі. Ал бәсекелер ҰҚК-нің Сыртқы барлау қыз­ме­ті­ мен Шекара қызметі, ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті, ҰҚК Академия­сы­ мен ҰҚК Арнайы ақпараттық қызме­ті командалары арасында өтті.

Сыртқы барлау ардагерлерінің волейбол командасы ТМД аумағындағы жа­рыстарда сан мәрте атой салған. Бұл ұжымға ұзақ жылдар бойы «Қазақ­стан Рес­пуб­ликасы ҰҚК Сыртқы бар­лау ардагерлері» қоғамдық бірлестік төра­ға­сының орынбасары міндетін атқарған, ел­ден тыс жерлерде арнайы операцияларды орын­дап, екі мәрте Қызыл Жұлдыз, Ауғанстанның «Бі­рінші дәрежелі Жұл­ды­зы» және «Ба­тылдығы үшін» ордендері және көп­те­ген жауын­гер­лік медальдармен мара­патталған полковник Әбдіғапар Мир­манов жетекшілік етті. Айтулы азамат 2017 жылы көктемде қайтыс бол­ды. Қазір жыл сайын спортшы ардагерлерімізді еске алып осындай турнирлерді өткізу дәстүрге айналырдық. Сондай-ақ, осы салада ұзақ жылдар бойы қызмет ет­кен марқұм – полковниктер Тұрлыбек Ниязқұлов пен Анатолий Пушкарев дәл осы команда сапында ойнаған. «ҚР ҰҚК ар­да­герлері» қоғамдық бірлестігінің Алматы филиалын басқарған марқұм Марат Шабанбаев та спорттың осы түрін әбден меңгерген, – деді өз сөзінде Бердіхан Сәрсенбаев.

Аса шиеленісті өткен жарыста жеңімпаз атанған ҰҚК Шекара қызметі ака­де­мия­сының командасы ауыспалы кубокқа ие бол­ды. Екінші орынды Сыртқы барлау ардагерлері жеңіп алса, жүлделі үшінші орынды шекарашы ардагерлер иеленді. Жүлде алған командаларға ақшалай сыйлықтар табысталды. Жарысқа қатысқан барлық ойыншыларға «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің сим­во­ли­калары бар вымпелдер мен кәдесыйлар та­ратылды.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Волейбол: Ардагерлерді еске алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар