Қазақстан
1 мин оқу 510
2020 жылы демалыс күндері ауыстырылды
<p>Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді.
«Демалыс күндері:
- 2020 жылдың 5 қаңтары жексенбіден 2020 жылғы 3 қаңтар жұмаға;
- 2020 жылдың 11 мамыры дүйсенбіден 2020 жылдың 8 мамыры жұмаға;
- 2020 жылдың 20 желтоқсаны жексенбіден 2020 жылғы 18 желтоқсан жұмаға ауыстырылсын», — делінген Қаулы мәтінінде.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бөлісу: