Әдебиет
1 мин оқу 600

Жыршы-термешілер байқауы өтеді

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Қазақстан Респуб&shy;ликасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жыл&shy;дарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында &laquo;Текті сөздің төресі &ndash; терме&raquo; респуб&shy;ликалық жыршы-терме&shy;шілер байқауын өткізеді.</p>

Жыршы-термешілер байқауы өтеді

Байқауда Қазақстан Республика­сының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жыл Жастар жылы деп жариялануына және Сүгір жырау Бегендікұлының 125 жылдық мерейтойына орай тақырыптық бағыттардағы шығармаларды еліміздің 14 облысынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан бір-бір үміткерлер орындап, өз бақтарын сынайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ұлттық тәрбие мен халықтық өнерді насихаттауға бағытталған бұл байқаудың басты мақсаты жаңа жыр-термелерді тудыру арқылы жыршылық, термешілік өнерге жаңаша серпін беру және әдеби тілді дамытуға, тіл мәдениетін жетілдіруге үлес қосу.

Іс-шараға өнертанушылар, жыршы-термешілер, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысады.

Жыршы-термешілермен бірге танымал әншілер өнер көрсететін байқау 9 қараша күні Қызылорда қаласы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өтеді.

Бөлісу:
Жыршы-термешілер байқауы өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар