Бокс
1 мин оқу 186

Головкин шаршы алаңға Шереметамен шығады

<p style="text-align: justify;">Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) тең промоутері Эдди Хирн Халықаралық бокс федерациясының (IBF) қазақстандық боксшыны орта салмақтағы Әлем чемпионы белбеуін қорғауға міндеттегенін айтты. Бұл туралы sports.kz хабарлады.</p>

Головкин шаршы алаңға Шереметамен шығады

Генаның келесі қарсыласы ешқашан жеңіліп көрмеген поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болмақ. Айқас ақпанда (жұмыс күндері – 8-і немесе 29-ы) Чикагодағы (АҚШ) Wintrust Arena-да өтуі тиіс. Еске салайық, Головкин IBF белбеуін 5 қазанда төрешілердің шешімімен украиналық Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) жеңгені үшін иеленді. Сондай-ақ Геннадийге IBO тұжырымы бойынша бос тұрған Әлем чемпионы белбеуі де берілді.

Бөлісу:
Головкин шаршы алаңға Шереметамен шығады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар