Әкім орынбасары оңалту орталығына барды
<p style="text-align: justify;">Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған «MEIIRIM» оңалту орталығында болды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

2004 жылы ашылған орталықта алғашқы күнінен бастап БЦП және аутизм диагнозы бар 200-ге жуық бала оңалтудан және әлеуметтендіруден өткен. Бұл орталық – балалардың күні бойы ата-анасыз жүруіне мүмкіндік беретін елдегі алғашқы мемлекеттік емес мекеме.
Мұнда 3 жастан 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің жан-жақты дамуы, әлеуметтенуі және оқуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.
«Жабдықталу жағынан флагман болып табылатын бұл орталықтың қала тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын жақсартып, оңалту мәселесін шешуде маңызы зор», – дейді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.