«Ел қорғаны» медалімен марапатталды
<p style="text-align: justify;">Армия халықаралық ойындарында жақсы нәтиже көрсеткені үшін сержант Ақжол Қосжанов II дәрежелі «Ел қорғаны» медалімен марапатталды. Ол 2 жыл қатарынан «Әскери барлау үздіктері» сайысында өзін командадағы үздік техник ретінде көрсете білді.</p>

Құрлық әскерлері Әскери институтының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, сержант Ақжол Қосжанов Құрлық әскерлерінің Әскери институтында қызмет етеді. Ол қызмет барысында курсанттарға әскери техниканың қыр-сырларын үйретеді. Ол табанды, ерік-жігері мол, діттеген арманына қол жеткізе білетін адам. Өзінің табандылығының арқасында халықаралық қазылар алқасының мүшелеріне техникалық білімін, жоғары дәрежелі шеберлігін, далалық және техникалық дағдысын көрсетіп, мойындата білді.
АЛМАТЫ