Футбол
1 мин оқу 351

Плей-офф кезеңіне шыққан үш команда белгілі

<p style="text-align: justify;">Өткен сейсенбі-сәрсенбі күндері фут&shy;болдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңдегі 4-тур ойындары өз мәресіне жетті. &laquo;Ювентус&raquo;, &laquo;Бавария&raquo; және ПСЖ ко&shy;&shy;мандалары өткен турда қарсы&shy;лас&shy;та&shy;рынан басым түсіп, мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне жолдама алды.</p>

Плей-офф кезеңіне шыққан үш команда белгілі

Топтық кезеңдегі төртінші матчта Италия­ның «Ювентус» командасы сырт алаңда Мәс­кеудің «Локомотив» клубынан 2:1 есебімен басым түсті. Осы жеңісінен кейін Турин командасы 10 ұпай жинап, топтан бірінші болып келесі кезеңге жолдама алды. Ал Германияның «Бавария» командасы өз алаңында Грекияның «Олимпиакосын» қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Төрт турда Мюнхен командасы 12 ұпай иеленіп, плей-офф кезеңінің мәселесін мерзімінен бұрын шешіп қойды.

Сондай-ақ Францияның ПСЖ командасы да Чемпиондар лигасының 1/16 кезеңіне жолдама алды. 4-тур аясында Париж командасы өз алаңында Бельгияның «Брюгге» командасымен кездесіп, 1:0 нәтижесімен жеңді. Осылайша төрт ойыннан кейін 12 ұпаймен плей-офф сатысына шықты.

Бөлісу: