Аймақтар
1 мин оқу 231

Құныққандар құрықталды

<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысы Тасбөгет полиция бөлімі қызметкерлері жедел іздестіру шаралары нәтижесінде мал ұрлықтарына қатысты күдік келтірген Қызылорда қаласының үш тұрғынын құрықтады.</p>

Құныққандар құрықталды

Күдіктілер Қызылорда қаласының төңірегінде мал ұрлығын кәсіпке айналдырған. Өздерінің заңсыз әрекеттері арқылы олар 6 азаматқа жалпы сомасы 3 560 000 теңгенің залалын келтірген.

Барлық деректер бойынша Қызылорда қалалық Полиция басқармасы тарапынан Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекет­те­рі жүргізілуде. Ұсталған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына оқшау­лан­ды­рылып, оларға қатысты соттың санкциясымен «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Бөлісу: