Бокс
1 мин оқу 451

Мадияр Әшкеев қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді

<p style="text-align: justify;">Бірінші орта салмақта жұдырықтасып жүрген қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (14-0, 7 КО) аргентиналық Родольфо Мартинеспен&nbsp;(43-9-3, 16 КО) жекпе-жек өткізіп, мерзімінен бұрын жеңді деп хабарлайды Vesti.kz.</p>

Мадияр Әшкеев қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді

Қос боксшы АҚШ-тың Калифорния штатындағы Гавайан Гарденс қаласында 10 қарашада таңғы уақытта бірінші орта салмақта WBC (USNBC) тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуге таласты. Жекпе-жек барысында Әшкеев қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді, сосын алтыншы раундта аргентиналық боксшы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңді.  Әшкеев үшін бұл 14-кездесудегі 14-жеңіс. Мартинес болса спорттық мансабында тоғызыншы рет жеңіліп отыр, ол осыған дейін 43 кездесу өткізген. 

Бөлісу:
Мадияр Әшкеев қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар