Парламент
1 мин оқу 170

Отырыстың негізгі күн тәртібі анықталды

<p style="text-align: justify;">Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.</p>

Отырыстың негізгі  күн тәртібі анықталды

Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттары ЕАЭО-ға мүше мем­лекеттердің қаржы нарығы саласындағы заңнамасын үйлес­тіру туралы келісімді ратифи­ка­циялауға қатысты заң жобасын қа­райды. Бұл келісім қызмет көр­сету секторларында бағалы қағаз­дар нарығындағы қызмет түр­лерін жүзеге асыруға арналған лицен­зияларды өзара тануды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасайды.

 Сондай-ақ жалпы отырыста міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы және оған ілеспе заң жобалары екінші оқылымда қаралады деп күтілуде. Ал жұмысқа қабыл­данатын заң жобалары қатар­ында мамандандырылған меке­ме­лердің артықшылықтары мен им­мунитеттері туралы конвенцияны, сонымен қатар тұншықтыратын, улы немесе басқа да ұқсас газдар мен бактериологиялық құрал­дарды соғыста қолдануға тыйым салу туралы хаттаманы, 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжым­дық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы екінші хат­таманы, 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Жарғы­сына өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы, 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Жар­ғысына өзгерістер енгізу туралы үшінші хаттаманы, 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құқықтық мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы екінші хаттаманы ратификациялауға қатысты құжаттарды айрықша атап өтуге болады.

Бөлісу:
Отырыстың негізгі күн тәртібі анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар