Әлем
2 мин оқу 152

Қоршаған ортаны пән ретінде оқиды

<p style="text-align: justify;">Келесі жылдан бастап Италия мектептерінде климаттық өзгерістерге қатысты сабақтар оқытылатын болады. Қоршаған ортаны аялауға негізделген пән әр сынып бағдарламасына енгізілмек. Бұл Италияны табиғаттану бойынша әлемдік көшбасшы болу мақсатына жақындата түспек.</p>

Қоршаған ортаны пән ретінде оқиды

Мемлекеттің білім министрі Лоренцо Фиорамонти мектеп оқу­шылары 2020 қыркүйектен бас­тап қоршаған ортаның ластануы, климаттық өзгеріс, жаһан­дық жылу сияқты тақы­рып­тар­ды жал­­пы пәндермен қатар оқиды. Жа­ңа бағдарламаға сай, бұл тақы­рып­­тар 33 сағатқа жос­пар­лан­ған. Ми­нистр­лік өкі­лі Вин­чен­цо Кр­а­ма­рос­са бұл идея­ның негіз­гі мақ­саты келешек ұрпақ­ты кли­мат­­тық өзге­ру­дің жаңалық­тары мен то­сын­құбы­лыстарына осы бастан да­йын­­­дау, ақпарат беру, дейді. Жаңа пән­мен қоса география, мате­­мати­ка, физика сияқты жалпы пән­дер­­дің бағ­дарламасына да кли­мат­тық өзгеріс туралы ақпараттар қосылмақ.

Сонымен қатар министрлік өкілдері ведомствода жақын арада түбегейлі өзгерістер болатынын хабарлады. Винченцо Крамароссаның айтуынша, жаңа ұлттық бағдарламаны әзірлеуге Колумбия университетінің тұрақ­ты даму орталығының басшысы Джеффри Сакс, америкалық эко­номист, философ Джереми Риф­кин сияқты климаттық өзге­ріс тақырыбымен айналысатын сара­пшылар шақыртылған. «Бұл жобаға аталған саланы зерт­теп жүрген азаматтарды тарт­тық. Олар – бұл тақырыпты терең­нен зерттеп жүрген шын жанашырлар. Осылайша Италия қоршаған ортаның өзгеруі туралы сабақты мектеп бағдарламасына енгіз­ген әлемдегі алғашқы ел болады», деді ол.

Қоршаған ортаның ластануы – әлемді толғандырған негізгі мәселелердің бірі. Алайда Ита­лия үкіметінің мектеп оқушы­ларына бұл тақырыпты түсін­діруі жақында ғана БҰҰ-ның кли­маттық өзгерістер тақыры­бына арналған отырысында сөз сөйлеген 16 жастағы  экобел­сенді Грета Тунбергпен байланыс­ты болуы мүмкін. Ол кішкен­­тай кезінен өз елінде, яғни Шве­ция­­да наразылық акцияларына қаты­сып, өз замандастарын та­би­ғат­ты қорғауға шақырады. Биыл қыркүйекте БҰҰ-ның Нью-Йоркте өткен саммитіне қатысып әлем­дік көшбасшыларды кли­мат­тық өзгерістерді қолға алу­ға, түзетуге тырыспайтынын айып­тап, олардың келер ұрпаққа, бо­ла­шаққа сатқындық жасағанын айтқан еді.

Бөлісу:
Қоршаған ортаны пән ретінде оқиды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар