Экология
2 мин оқу 1,266

Қатқақтан тазартудың жолын тапты

<p style="text-align: justify;">Жас ғалым, PhD Алина Ким Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің үздік жобаларды қолдау бағдарламасы шеңберінде көшені қатқақтан тазартатын құрылғы ойлап тапты.</p>

Қатқақтан тазартудың жолын тапты

Әлемнің ең үздік оқу орындарында тағылымдамадан өткен Алина Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекет­тік техникалық университетінде жұмыс істейді.

– Менің жасап шығарған құрылғым көлік жолы мен тро­туар­ды қар мен мұздан тазалайды. Қазір қатқақты кетіретін химикаттар қолданылады, бірақ ол жолдың асфальт жабындысын да бүлдіреді. Менің жаңалығым механикалық тұрғыда жұмыс істейді. Егер қаржы салғысы ке­летін инвестор табылса, жуық ара­да нарыққа шығамыз деп айта аламын. Өйткені жаңалығымның табысты боларына сенімдімін, барлық математикалық құрам­дас­­тарын ойластырдық, техни­ка­лық зерттеу жүргіздік, – дейді ол.

Жас ғалым Берлин техника­лық университетінде тағылым­дамадан өткен. Министрлік пен Дүниежүзі­лік банктің PhD арналған гранттық бағдарлама­сы оған магистратурада бас­та­ған зерттеулерін жалғастыру­ға жол ашты. Айтуына қара­ған­да, Қазақстанда гранттық бағдар­ламалар көп, PhD айыр­машы­лығы қатысушыларға өз зерттеу­лерін толық көлемде да­мы­ту­ға және өз нәтижелерін рей­­­тинг­тік ғылыми басылымдарда жа­рия­­лауға мүмкіндік береді.

– Мен Scopus деректер базасына кіретін журналға бір мақалам­ды жарияладым. Сон­дай-ақ Thomson Reuters базасы­на кіретін журналға жария­лау үшін тағы бір мақала жіберіп, оған оң рецензия алдым. Та­ғылымдама барысында зерт­теу­лерімнің тақырыбы бо­йын­­ша математикалық және компью­­терлік модель әзір­ле­дім. Бағ­дарлама маған халық­ара­­лық деңгейде материалды дайын­дауда шетелдік тәжі­рибе берді. Грант бойынша жұмыс шығармашылық тұрғы­да шың­дай­ды, бірақ үлкен жауап­кер­шілікті талап етеді, – дейді ол.

 PhD арналған грант аясында зерттеушілер Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шетелде де сұ­ранысқа ие болатын халық­ара­лық патентке өтінім бере алады.

Айзере САМАРҚАН

Бөлісу:
Қатқақтан тазартудың жолын тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар