Спорт
1 мин оқу 195

Юрий Юрков Олимпиада ойындарына жолдама алды

<p style="text-align: justify;">Дохада нысана көздеу бойынша Азия чемпионатында үш позициядан (50 метр) шағын калибрлі мылтықтан ату бойынша ерлер арасындағы жарыс аяқталды. Қазақстандық Юрий Юрков аталған санат бойынша Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.</p>

Юрий Юрков Олимпиада ойындарына жолдама алды

Азия біріншілігінде алтыншы орын алған Юрий Юрков Токио Олимпиадасының жолдамасын иеленді. Олимпиадалық квалификация ережесіне сәйкес, құрлықтық біріншілікте 3 жолдама сарапқа салынды.

Жолдамаға ие болу үшін үздік үштік қатарынан көріну керек болатын. Азия чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшыларда Олимпиадаға жолдама болғандықтан, лицензия автоматты түрде алтыншы орынға дейінгі спортшыларға үлестірілді. Осылайша, Юрий Юрков #teamKZ қоржынына 23-ші жолдаманы салды.

Бөлісу:
Юрий Юрков Олимпиада ойындарына жолдама алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар