Президент
1 мин оқу 257
Президент елордадағы апатты жағдайға байланысты арнайы комиссия құруды тапсырды
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың басым бөлігінде жарықтың сөніп қалуына әкеп соқтырған апатты жағдайға байланысты Үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли <a href="https://www.facebook.com/100003403233694/posts/2411598965630188?d=n&sfns=mo">Facebook </a>парақшасында жазды.</p>

«Комиссияға вице-премьер Роман Скляр төрағалық етеді. Комиссия мұқият зерттеу жүргізіп, кінәлілерді анықтап, қажет болған жағдайда істі құқық қорғау органдарына өткізеді. Президент Үкімет пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінен алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етті» деп жазды Берік Уәли.
Бөлісу: