Саясат
2 мин оқу 250

Бағдарламаларға белсенді қатысады

<p style="text-align: justify;">ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясы шеңберінде Еуропалық даму бағдарламаларын іске асыруға Қазақстанның тиімді қатысуы біздің еліміздің және жалпы өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі болуы мүмкін.</p>

Бағдарламаларға белсенді қатысады

Қазақстан Республикасының Сырт­қы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Астана клубының 5-ші мерейтойлық оты­­рысына қатысу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласына сапармен келген ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Петер Бурианмен өткен келіссөзінің негізгі арқауы осындай.

Кездесу барысында экология, цифр­лы даму, гума­ни­тарлық алмасу және тұрақты өзара байланыс мәсе­лелері секілді перспективалы бағыт­тар бойынша Қазақстан мен Еуро­палық одақ арасындағы әріптестік қатынастарды нығайту мәселелерін қоса алғанда, халықаралық және өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті.

Сыртқы саясат ведомствосының бас­шысы 2019 жылы Ор­талық Азия бойын­ша жаңа стратегияның қабылдануы мен 2015 жылғы 21 желтоқсанда Нұр-­Сұлтанда қол қойылған ҚР-ЕО Ке­ңейтілген әріптестік және ынтымақ­тастық туралы келісімді ратификациялау рәсімінің аяқталуы екіжақты қарым-қатынастар тарихында маңызды оқиға болғанын атап өтті.

«Біз Қазақстан-Еуропа қатынас­тарының сапалы жа­ңа кезеңінің басталуын білдіретін осы стратегиялық құ­жат­тарға үлкен үміт артамыз. Олардың табысты жүзеге асыры­луы, бірінші кезекте, Қазақстан мен Еуропалық одақ ара­сындағы өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыруға мүмкіндік беретініне сенім білдіремін», – деді ол.

Еуропалық дипломат Қазақстан Орта­лық Азия бойынша жаңа страте­гияны іске асыру бойынша Еуро­пада маңызды серіктес ретінде қабыл­данатынын атап өтті. П.Буриан еліміздің Орта­лық Азия мен Ауғанстандағы сая­си және сауда-экономикалық ынтымақтастықты, сондай-ақ халық­ара­лық қауіпсіздікті нығайтудағы рөліне ерекше тоқталып өтті. Осы орайда еуропалық тарап өңір үшін жалпы бюджеті 55,6 млн еуроны құрайтын үш жаңа бағдарламаның іске қосылғаны туралы хабардар етті. Бұл жобалар Орта­лық Азиядағы инвестицияларды, бәсе­кеге қабілеттілікті және сауданы қолдауға бағытталған.

Кездесу аясында жоғары деңгейдегі басқосуларды, ынты­мақтастық кеңеске, конференциялар мен дөңгелек үстел­дерге қатысуды қамтитын ҚР-ЕО және ҚР-ОА ынты­мақ­тастық форматы бойынша 2020 жылға арналған іс-шара­лардың перспективалы күнтізбесіне ерекше назар аударылды.

Бөлісу:
Бағдарламаларға белсенді қатысады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар