Аймақтар
1 мин оқу 171

Балуандардың Сырдағы бәсекесі

<p style="text-align: justify;">Қызылордада қазақ күресінен ерлер және әйелдер арасында ел чемпионаты өтіп жатыр.</p>

Балуандардың Сырдағы бәсекесі

Спортшыларды ұлт­тық құ­­рама сапына ірік­теу мақса­тында ұйым­дас­ты­­­рылып отыр­­­ған ша­ра­ның ашылу сал­тана­тына Ақ­парат және қо­ғам­дық даму министрі, рес­пуб­ли­ка­лық Қазақ күресі фе­де­ра­­циясының президенті Дәу­рен Абаев қатысып, ба­луан­дарға сәттілік тіледі.

Министр өз сөзінде тарихы ұлттың өткенімен сабақ­тасып жатқан күрестің даму көрсеткіштеріне тоқталды. Осы­дан он жылдай бұрын қазақ күресімен еліміз бойын­ша 20 мыңдай адам айналысса, қазір олардың қатары 116 мыңға жеткен. Бұл ұлттық күресті ұлықтау бағытында жүзеге асып жатқан жобалардың жемісі.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шым­­кент қалалары мен еліміз­дің барлық облысынан 500-ге жуық спортшы жиналып, 16 салмақ дәрежесінде шеберлік байқасатын чемпионаттың алғашқы белдесулері 90, 100, 100 + кило салмақтағы балуандар арасында өтті.

Жарыстың соңғы күні, 14 қарашада бозкілемге балуан қыздарымыз шығады.

Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда

Бөлісу:
Балуандардың Сырдағы бәсекесі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар