Спорт
1 мин оқу 200

Олимпиада-2020: 23-ші жолдама қоржында

<p style="text-align: justify;">Қатар астанасы Дохада нысана көздеу бойынша Азия чемпионатында үш позицияда (50 метр) шағын калибрлі мылтықтан ату бойынша ерлер арасындағы жарыс өз мәресіне жетті.</p>

Олимпиада-2020: 23-ші жолдама қоржында

ҰОК баспасөз қызметінің хабарлауынша, сарықұрлық біріншілігіне қатысқан қазақстандық спортшы Юрий Юрков аталған санат бойынша Олимпия ойындарының лицензиясын жеңіп алды. Азия чемпионатында отандасымыз алтыншы орын иеленген-ді. Олимпиадалық іріктеу жарысының ережесіне сәйкес, құрлықтық біріншілікте 3 жолдама сарапқа салынды.

Жолдамаға ие болу үшін спортшылар үздік үштік қатарынан көрінуі керек болатын. Бірақ Азия чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшыларда Олим­пиада жолдамасы болғандықтан, ли­цен­­зия автоматты түрде алтыншы орынға дейінгі спортшыларға үлестірілді. Осы­лайша Юрий Юрков ел қоржынына 23-ші жолдаманы салды.

Бөлісу:
Олимпиада-2020: 23-ші жолдама қоржында · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар