Экономика
1 мин оқу 333

6 мың шақырым жол ақылы болады

<p>2024 жылға қарай республикалық маңызы бар жолдардың 11 мың шақырымы ақылы болмақ. Бүгінгі таңда жол учаскелерінде төлем алу жүйесін енгізу және оған қызмет көрсету жобасына инвестициялық конкурс жарияланған.</p>

6 мың шақырым жол ақылы болады

Жолдарды ақылы етуге ба­ғытталған жоба 2 кезеңде ен­гізіледі деп жоспарлануда. Ал­ғаш­қы кезеңде, яғни 2020 және 2021 жылдар­дың аралығында автомобиль жолдарының 6 мыңға жуық шақырымы ақылы болады. Бұл – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит­тік дәлізінің, Нұр-Сұлтан – Қоста­най – РФ шекарасы, Щучинск – Петропавл, Нұр-Сұлтан – Павлодар, Қал­батау – Павлодар – РФ шекарасы (Ом­быға), Таскескен – Бақ­т­­ы, ­Қапшағай – Талдықорған, Аты­рау – Орал, Атырау – Дос­сор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбек­стан Рес­публикасының шекарасы және Ақтау – Бейнеу жолдарының учаскелері. 2022 және 2023 жыл­дар аралығында автомобиль жол­дарының қалған 5 мың шақы­рымын ақылы етудің екінші кезе­ңін жүзеге асыру көзделген.

Айта кету керек, бүгінгі таңда ақылы «Нұр-Сұлтан – Щучинск», «Нұр-Сұлтан – Теміртау, «Алматы – Қорғас» және «Алматы – Қап­шағай» жолдарынан түскен қара­жат­тың жалпы сомасы 4 млрд тең­ге­ден асады. Жиналған қаражат аталған жол учаскелері мен төлем қабылдау жүйесін күтіп ұстауға жұмсалады.

Бөлісу:
6 мың шақырым жол ақылы болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар