Аймақтар
1 мин оқу 295

Солтүстік Қазақстанда суицидтен қыз бен жігіт көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Аққайың ауданы Ленин елді мекені жанындағы орман алқабы ішінен қыз бен жігіттің мәйіттері табылды.</p>

Солтүстік Қазақстанда суицидтен қыз бен жігіт көз жұмды

Оқиға орнында қалдырылған хатта «біз бұлай өмір сүре алмаймыз» деген жазба қалдырылған. Соған қарағанда екі тараптың туған-туыстары жастардың бақытты болуына бөгесін жасаған секілді. Бұл әзірге болжам ғана. Мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберіліп, оның қорытындысы бойынша  жұмбақ жағдайда көз жұмған ащы өлімнің себеп-салдары анықталатын болады.

«16 жастағы бойжеткен Көкшетау қаласындағы колледждердің бірінде оқыған. Талшық ауылының 23 жастағы тұрғыны әскери қызмет саласында істеген. Олардың өздеріне қол жұмсағаны анықталды. Оқиға орнынан «ВАЗ-2109» жеңіл көлігі, ұялы телефондар секілді айғақ заттар табылды. Өзін-өзі өлтіру оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде» дейді СҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы Сән Жұмағазина.

Солтүстік Қазақстан облысы

Бөлісу: