Спорт
1 мин оқу 153

Жастар жарады

<p style="text-align: justify;">Стенд атудан Қатардың астанасы Дохада өтіп жатқан Азия чем&shy;пионатының кезекті жарыс күні елі&shy;міздің жастар құрамасы табысты өнер көрсетті.</p>

Жастар жарады

«Скит» жаттығуы бойынша Эдуард Ещенко асқан шеберлік танытып, барша қазақстандық жанкүйерлерді қуантты. Шешуші тұста ол өзінің басты қарсыластары – үндістандық Сингх Гарча мен қытайлық Ву Ляньлянды сан соқтырып, бас жүлдені олжалады. Сайыстың дәл осы түрінен қыз­дарымыз да олжаға кенелді. Жастар буыны арасындағы жарыста көптен бері көзге түсіп жүрген Зоя Кравченко Қытайдың қос мық­тысы Сун Чжэнью мен Сунь Яшуды ғана алға жіберіп, қола медальды мойнына ілді.

Бөлісу: