Қазақстан
1 мин оқу 144

Бюджет қаржысы бойынша кездесу болды

<p>Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.&nbsp;</p>

Бюджет қаржысы бойынша кездесу болды

Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитеті 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қарау аясында елімізге инвестициялар тарту және қазақстандық тауарлар экспортын сыртқы нарықтарға шығаруға жәрдемдесу мәселелері бойынша Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің, «Kazakh Invest» және «ЭКС «Kazakh Export» акционерлік қоғамдарының өкілдерімен кездесті.

Депутаттар кездесу барысында бөлініп жатқан бюджет қаржысының тиімділігі, бюджет қаржысы еліміздегі басым салаларға, оның ішінде қандай жобаларға бағытталады, келетін инвестициялардың жалпы экономика мен халыққа әсері, өнімдерді экспортқа шығарушыларға қандай және қай мөлшерде қолдау көрсетілгені туралы мәселелерді көтерді.

Бөлісу:
Бюджет қаржысы бойынша кездесу болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар