Спорт
1 мин оқу 220

Хоккей: Роман Старченко КХЛ-дағы 600-ойынын өткізді

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Нұр-Сұлтанның &laquo;Барысы&raquo; кеше Череповецтің &laquo;Северсталь&raquo; клубын овертаймда 2:1 есебімен ұтқаны белгілі.</p>

Хоккей: Роман Старченко КХЛ-дағы 600-ойынын өткізді

Айтулы матчта елордалық шабуылшы Роман Старченко да өнер көрсетті. Бұл – 33 жастағы Өскемен хоккей мектебінің түлегі үшін КХЛ додасында 600-мәрте мұз айдынына шығуы. Сол бәсекелер барысында ол 165 гол соғып, 136 рет нәтижелі пас берді. Жиған ұпайы – 301. Сол 600 ойынның 548-ін Старченко тұрақты біріншілікте өткізсе, тағы 52 мәрте плей-офф сайысында бақ сынады.

Бір ғажабы, айтулы ойыншы осы кездесулердің барлығында тек «Барыстың» ғана намысын қорғады.  

Бөлісу:
Хоккей: Роман Старченко КХЛ-дағы 600-ойынын өткізді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар