Қоғам
1 мин оқу 1,586

Түрік кинолары тегін көрсетіледі

<p style="text-align: justify;">Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орта&shy;лы&shy;ғы Түркия Рес&shy;пуб&shy;ликасы Мәдениет және туризм министрлігі ки&shy;н&shy;ематография бас&shy;қар&shy;масының қол&shy;да&shy;уымен 18-25 қараша ара&shy;лы&shy;ғында елордада түрік фильмдері апталығын өткізеді.</p>

Түрік кинолары тегін көрсетіледі

Аталған шараның мақ­саты түрік елінің үздік кино туын­дыларын бауырлас ел­­дің кө­рерменіне ұсына оты­­рып, екі ел арасындағы мәдени байланыстың дамуы­на үлес қосу. Екі бауырлас елді бір-біріне жалғап отыр­­ған көпір іспеттес түрік кино өнімдері қазіргі күні әлем­де өте танымал. Қазақ көрермендері түрік сериалдары мен кинофильмдеріне үлкен ықылас танытуда.

Түрік фильмдері аптасы аясында елордалықтардың назарына сегіз түрік кинотуындысы тегін ұсынылады. Олардың арасында «Ұзын хикая», «Көбелектің түсі», «Ұмыт­сам сыбырла», «Ер­тұ­ғырыл 1890», «Бастық істің сәтті аяқталғанын қалайды», «Сиқыршы», «Қызыл орамалды шынарым»  сияқты фильм­дер бар.

Қазіргі күні мәдениет пен өнер ордасына айналып үл­гірген Нұр-Сұлтан қа­ла­сы тұрғындары мен қонақ­тары,  түрік фильмдері апта­сында Юнус Эмре түрік мә­дениет орталығы тарапынан көрсетілетін фильмдердің барлығын ақысыз тамашалай алады. Шара 18-25 қараша ара­лығында  «Керуен» ОСО, Кинопарк 7 кинотеатрында өтеді. Көрсетілім уақыты сағат 19.00.

Бөлісу:
Түрік кинолары тегін көрсетіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар