Парламент
1 мин оқу 140

Сенаторлар мәслихат депутаттарымен кездесті

<p style="text-align: justify;">Парламент Сенатында Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелері Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатындағы бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамындағы депутаттармен кездесті, деп хабарлады Палатаның баспасөз қызметі.</p>

Сенаторлар мәслихат депутаттарымен кездесті

Жүздесу барысында Мәслихат депутаттары Парламент Сенатының заң шығару қызметімен танысты. Кездесуге қатысушылар бюджетті жоспарлау, қалыптастыру және орындауға қатысты бірқатар мәселені талқылады, экономиканың, кәсіпкерлік-тің, өнеркәсіп пен инновацияның өзекті мәселелері көтеріл-ді.

Салалық комитеттің төрағасы Серік Жақсыбеков Сенат депутаттары заңдарды орындалуына мониторинг жүргізумен қатар жергілікті өкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау қажеттігін атап өтті.

Отырысқа қатысушылар елордадағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Бұдан былай өзара іс-қимыл аясында жұмыс кездесулері мен кеңестер өткізу жоспарланды.

Бөлісу: