Спорт
1 мин оқу 340

Бокс: Азия біріншілігінде жас өрендеріміз сәтті өнер көрсетуде

<p style="text-align: justify;">Моңғолияның астанасы &ndash; Ұланбатырда өтіп жатқан Азия біріншілігінде Қазақстанның жастар құрамасының тоғыз боксшысы жартылай финалға шықты.</p>

Бокс: Азия біріншілігінде жас өрендеріміз сәтті өнер көрсетуде

Осы көрсеткіш жағынан жерлестеріміз әзірге алдарына жан салмай келеді. Екінші орындағы Өзбекстанның сегіз өкілі дәл осы межеге сүрінбей жетті. Иран мен Таиландтан ­– төрт, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Жапониядан – үш, Қытай мен Моңғолиядан – екі және Тайпей мен Ирактан бір-бір боксшыдан жартылай финалға жолдама алып отыр.

Қыздар арасында Үндістанның қарқыны күшті. Үнді елінің сегіз сұлуы жартылай финалға шықты. Олардан Моңғолияның бір спортшысы кем. Қазақстан мен Өзбекстаннан – алты, Таиланд пен Қытайдан – бес және Жапония, Оңтүстік Корея және Тайпейден – бір-бір боксшы жоғарыда айтылған көрсеткішке қол жеткізіп отыр.   

Алдағы күндері жанкүйерлер жартылай финалдық және финалдық сайыстарды тамашалайды. Осы бәсекелерде біз өз өрендерімізге сәттілік тілейміз.  

Бөлісу:
Бокс: Азия біріншілігінде жас өрендеріміз сәтті өнер көрсетуде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар