Экология
2 мин оқу 1,500

Сортаң жер шаруашылық соры

<p style="text-align: justify;">БҰҰ мәліметі бойынша, бүгінде әлемнің кейбір елдерінде топырақтың құнарсыздануы мен тұздануы 50 пайызға жеткен. Қазақстанда топырақтың тозуына байланысты сала мамандары үнемі дабыл қағып, жер қабатын сауықтыру мәселесін жиі көтеріп келеді.</p>

Сортаң жер шаруашылық соры

Соңғы деректер бойынша, еліміз­дің кейбір облыстарының терри­ториясының 30-40 пайы­зы құнарсыз. Жер ананы сауық­тыруға байланысты арнайы заң қабылдау керек деген мамандар алдағы он шақты жылда бұл көрсеткіштердің ұлғайып кету қаупі бар екен­дігін айтады.

Ө.Оспанов атындағы Қазақ топы­рақ­тану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтында осы тақырыпта өткен кон­ференцияға оннан астам ғы­лыми-зерттеу институтының ғалым­­дары қатысып, сор­таң жерлерді сауық­тыру мәсе­ле­сін талқылады. Ауыл шаруа­шылығы ғылымының докторы Абдолла Сапарұлы эконо­ми­­калық көр­сеткіштерді не­гізге ала отырып, жердің тұз­дану салдарына тоқталды.  Маман­дар сортаң қабаттарды жою үшін топырақтың құнарын сақ­тау тура­лы заң қажет дейді. Осын­д­ай заң Еуропа елдерінің б­ә­рінде бар. Кедендік одаққа кіре­тін Ресей мен Беларусьте де жер­ді қорғайтын заңдар қабыл­данған. Аталған елдер ауыл ша­руашылығы өнімдерін өндіруде бізден оқ бойы озып келеді. 

Конференцияда сөз алған ауыл шаруашылығы ғылымы­ның докторы С.Асылсейітұлы шаруалардың қолындағы тех­никалардың жылдан-жы­лға тозып бара жатқаны шаруа­шы­лықтың дамуына кедергі келтіре­ті­нін атап өтті. Бүгінде заманауи тех­но­логияларды енгізу, саланы цифрлан­дыру уақыт талабы. Ал тозған тех­­ни­касының бетіне қарап отыр­ған шаруа­ның жағдайы тұрақ­ты емес, көлі­гі істен шық­са табысы да азаяды. Бұл ба­ғыт­та аймақтағы әкімдіктер ар­найы мониторинг жүргізіп, шаруа­лардың ұжым болып еңбек етуіне қолдау көрсеткені абзал. Шаруаларға техникаларды лизингпен алу барысында да па­йыз жеңілдіктерін жасау біраз жыл­дан бері күн тәртібінен түспей келеді.

Осы орайда дақылдармен қатар жеміс-жидек, көкөніс алаң­­дарындағы топырақ құ­нарын сақтауда білікті мамандар тәжірибесі қажеттігін қоз­ғаған ғалымдар өнімділікті арт­тыруды мақсат ететін шаруа­шылықтар алдағы жылдарда топырақты сауықтыру мәселе­сіне сергек қарау тиістігін айтады. Құнары мол топырақ – са­ламатты денсаулықтың ке­пілі. Сонымен қатар топы­рақ­­тың құнарын арттыруда ауыс­палы егістердің маңызы бар. Өңделген егістік жерлерге көп­жылдық шөп өсіру мен аралық дақылдарды жасыл тыңайтқыш ретінде пайдалану, тағы бас­қа кешенді баптау жұмыстары органикалық құрамды қалпы­на келтіруге мүмкіндік бере­ді. Жер жамылғысын сортаң­­нан арыл­ту мәселесін қозғаған Б.Жек­сен­бин, Б.Әміров, басқа да мамандар топырақты заң­мен қор­ғау көптеген түйткілді мәсе­ленің шешілуіне ықпал етеді деп атап өтті.

 АЛМАТЫ

Бөлісу:
Сортаң жер шаруашылық соры · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар