Қоғам
2 мин оқу 761

Ел қауіпсіздігін нығайту – міндетіміз

<p style="text-align: justify;">Егемендікке қол жеткізгеннен кейінгі аралықта елімізде көптеген құрылымдық өзгеріс жүзеге асып, үлкен нәтижелерге қол жеткіздік. Алайда келешекке сенімді қадам жасау әлі де өзекті екені белгілі.</p>

Ел қауіпсіздігін нығайту – міндетіміз

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жол­­­дауында алға қойылған мін­дет­­тер мен мақсаттар бүгінге де­йінгі атқарылған іргелі істердің заң­ды жалғасы болып табылады. Со­ны­мен бірге Жолдаудың ерекше бір сипаты – еліміздің бүгінгі ке­зеңдегі дамуының түбегейлі тұс­тарын зерделеп, оның қыр-сы­рын жоспарлы түрде жаңғырту мәсе­лесіне мән беруінде болып тұр.

Жолдаудың екінші бөлімінде арнайы азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздіктерінің қор­ғалуына тоқталады. Президент: «Біздің алдымызда жаңа тұжы­рымдама негізінде тегеурінді әскер қалыптастыру міндеті тұр.

Арыста болған оқиғалар Қарулы Күштерде түйткілді мә­се­лелер қордаланып қалғанын көрсетті. Әскерге жұмсала­тын шы­ғыс­тарды реттеп, осы сала­дағы қаржы жүйесін және жалпы тәртіпті нығайтатын кез кел­ді. Сонымен бірге әскери қыз­­­меттің беделін арттырып, Қару­­­­л­ы Күштердің материалдық база­­сын нығайту қажет. Отаны­на адал, кәсіби тұрғыдан дайын­дал­ған офицерлері мен әскери қыз­мет­шілері бар армиямыз жаңа гео­саяси жағдайларда ел қауіп­сіз­дігіне қауіп төндіретін қатер­лерге тойтарыс беруге дайын болуы керек» – деп атап көрсетті.

 Осы ретте Жамбыл облыс­тық қор­ғаныс істері жөніндегі департамент ұжымы Жолдаудағы көрсетілген міндеттерді орындауды бастап та кетті. Анығырақ айт­сақ, департаменттің және оның бағынысындағы бөлімдер мен басқармалардың жоғары әскери дайындықтарын қадағалауда.

Жиырма жеті жылды еңсер­ген еліміздің қорғаныс саласы осы жылдар ішінде небір белестен өтіп, небір қамалдарды алды. Қанатын қатайтты, өсті, өр­кендеді, осылайша бүгінгі дең­гейіне жетті. Ендеше Елбасы салып берген сара жолмен, Президентіміздің заман талабына сай зайырлы мемлекет құруға деген бетбұрысын қорғаныс жү­йе­мізді бекем ұстай отырып қолдау – біздің бірден-бір мін­детіміз деп санаймын.

Ерлан ЖАБЫҚБАЕВ,

полковник, Жамбыл облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы

Бөлісу: