Әдебиет
1 мин оқу 223
Алматыда студент ақындардың айтысы өтеді
<p style="text-align: justify;">20-21 қараша күндері сағат 11.00-де Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеттің салтанат залында Алаштың ақтаңгер ақыны Оразалы Досбосыновты еске алуға арналған «Ақынмын сөзі жетер сан ғасырға» атты жас ақындар айтысы өтеді. </p>

Сөз барымтасына Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарында білім алатын талантты жастар қатысады. 20 қараша – іріктеу кезеңі. 21 қараша – айтыстың ақтық сыны. Жастарды отансүйгіштікке, рухани тереңдікке баулитын жоба Оразалы ақынның туған күніне орайластырылып отыр.
Еске салсақ, биыл университет қабырғасынан О.Досбосынов атындағы шығармашылық орталық ашылған болатын.
Бөлісу: