Аймақтар
1 мин оқу 512

«Жыр мұра» жастарға жол ашты

<p style="text-align: justify;">Қызылорда қаласында &laquo;Жыр мұра&raquo; жобасының қорытынды концерті өтті. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы қолға алған жоба аясында биыл &laquo;Ұлы дала төсіндегі Сыр елінің фольклоры&raquo; атты экспедиция ұйымдастырылып, ел арасында сақталып қалған көне мақам-саз үлгілері, жырау-жыршылар дауыстары, дастан, толғаулар жинақталды.</p>

«Жыр мұра» жастарға жол ашты

Осыған дейін Арал, Қар­мақ­шы, Шиелі аудандарында жыр үйірмелері құрылған еді. «Рухани жаңғыру» бағ­дар­­ламасы шеңберіндегі бас­­тама нәтижесінде биыл Қа­­залы, Жалағаш, Сырдария мен Жаңақорғанда осындай үйір­мелер ашылды.

Ұлы Даладағы ұзандар кө­шінің басында тұрған Қор­қыт баба мекен еткен өңір тұр­ғындары үшін дәстүрлі өнердің бә­сі әрқашан биік. «Жыр мұра» ая­сында барлық ауданда қобыз мектептері ашылып, қазір жүз­деген бала атадан мұра болған өнерді үйренуге талап қылуда.

Жыр сандығын белгілі жырау Бидас Рүстембеков ашты. Сахнаға өрендерді бастап шық­қан жырау өсиет жырдан ке­йін «Халықтың қазынасына ай­нал­ған асыл мұра, киелі өнер енді өздеріңе аманат. Елді сырлы әуен, сұлу сөзбен сусындату­ды па­рызым деп біліңдер» деген лебізін жеткізді. Осы бата-тілек­тен соң қазалылық талапты жас­тар жыр толғады.

Осы күні Жиенбай, Сәрсен­бай, Нұртуған мектептерінің өкілдері сах­наға шықты. Сыр­дың бойын сыр­най сазына бө­леген әйгілі Нар­тай ақын ізбас­арларының да өнері ерекше бол­ды. Дәстүрлі өнерден өріс ізде­ген қобызшылар тобының да талабы қуантты.

Барлық ауданнан жиылған өнерпаз өрендер «Жыр мұра» жобасының талапты жастарға жол ашқандығын дәлелдеді.

ҚЫЗЫЛОРДА

Бөлісу: