Технология
2 мин оқу 540

Ғылым мен бизнесті ұштастырған жиын

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласында &laquo;Инновацияларды ынталандыру: ғылым мен бизнестің ұштасуы&raquo; атты конференция өтті. Ғылыми жетістіктерді коммерцияландырудың табысты тәжірибелерін таныстыратын шараға &laquo;Өнімді инновацияларды ынталандыру&raquo; жобасы аясында Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк бірлесіп мұрындық болды.</p>

Ғылым мен бизнесті ұштастырған жиын

Конференцияда Қазақстан экономикасының үдемелі да­муын жүзеге асыру үшін бизнес­пен жемісті ынтымақтастықтың нә­ти­же­лері таныстырылды. Олар­­­­дың қатарында «Bio Clean» ком­­па­ниясының коммерция­ландыру жөніндегі маманы және «KazEcoSolutions» ЖШС бас директоры Олжас Дүйсенов ұсын­ған мұнай ластаған топы­рақ пен суды тазартатын Myco-Oil инновациялық биопрепараты жобасы бар.

– Қазақстанда мұнай 100 жылдан астам уақыттан бері өндіріліп келе жатқандықтан, ел аумағындағы мұнаймен және мұнай өндірісі қалдықтарынан ластанған жер көп. Біздің мін­детіміз – ластанған жер көлемін барынша ұқыпты әрі тиімді тәсілмен азайту. Биологиялық тазартудан кейін немесе «биоремедиациядан» кейін лас­танған топы­рақ агробиоценоздар жүйе­сіне қайтарылады, – дейді О.Дүйсенов.

Биопрепарат негізіндегі тех­нологияға алғаш болып «Ембі­мұнайгаз» АҚ компания­сы тапсырыс берген. Сөйтіп қысқа мер­зім ішінде 20 мың тонна мұнай қалдықтары мен 4,2 га жер тазартылды. Ал өткен жы­лы Нұр-Сұлтан қаласында «Нұрлы жол» вокзалы ауда­нындағы апат салдарынан авиакеросин төгілген 50 мың текше метр топырақты тазалау жұмысы табысты жүргізілді. Қазір «Ембімұнайгаз» АҚ-тың Балғымбаев атындағы кен орны мен  Забурунье кенішінің аумағы тазартылып жатыр.

«BioMix» компаниясы бел­сенді микроорганизмдер не­гі­зінде органикалық көл­дер­­ді биологиялық тазарту мақ­са­тында алғашқы отандық «BioMix7BLB» биопрепаратын жұрт назарына ұсынды. «Water Energy» компаниясы гидростанса мен жылу генераторына арналған жаңа технологияларын таныстырды. «EcoSave» компаниясының өкілдері агро­өнімдерді қорғау технология­сын отандық агроөнімдерді ауру­лардан сақтайтын, көкө­ніс қоймаларында ұзақ сақ­тау кезінде зиянкестерден қорғай­тын экологиялық қауіпсіз биопрепараттары туралы баяндады.

Конференцияға Білім жә­не­ ғылым министрлігінің, Цифр­­­лық даму, инновация жә­не аэро­ғ­арыш өнеркәсібі ми­­­нистр­­лігінің өкілдері, Пар­ла­мент Мәжілісінің депутат­тары, Қазақстандағы Дүние­жүзілік банктің өкілдері, Ғы­лымды коммерцияландыру жөніндегі халықаралық кеңес және квазимемлекеттік сектор өкілдері қатысқанын айта кетейік. Жиында ғылым мен бизнестің тығыз серіктестігінің өзек­ті мәселелері, сондай-ақ қазақстандық ғылыми жетіс­тіктерді дамытудың маңызды факторларының бірі ретінде инновацияларды ынталандыруды қолдау мәселелері талқыланды.

Бөлісу:
Ғылым мен бизнесті ұштастырған жиын · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар