Қазақстан
1 мин оқу 180

Елбасы Жоғарғы сот Төрағасын қабылдады

<p style="text-align: justify;">Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот Төрағасы Жақып Асановты қабылдады. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.&nbsp;</p>

Елбасы Жоғарғы сот Төрағасын қабылдады

Кездесу барысында соттар мен жалпы сот жүйесін реформалау нәтижелері талқыланды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті заң үстемдігін қамтамасыз ету және халықтың сотқа деген сенімін арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

- Жасалып жатқан жұмыстың бағыты дұрыс. Бүгінгі таңда судьялар алдында күрделі міндеттер тұр. Халық әділдік іздеп, сотқа жүгінеді. Ең бастысы – сот әділдігін қамтамасыз ету. Барлығы заң аясында болуы шарт, - деді Елбасы. 

Бөлісу: